Студияда қонақта “Gakku” телеарнасының жүргізушісі, “Ұят парад” бағдарламасының авторы, шоумен Нұржан Еркінұлы. Таңертеңгілік ғажайып көңіл күймен келген Нұржан мырза, өзінің жарқын даусымен тыңдармандарымызды сұхбат басында-ақ баурап алды. Əзіл мен қалжынға толы сұхбат, пайдалы ақпаратсыз да болмады. Біздің радиомызға келгенде, өзінің ҚазҰУ қалашығында өткен жас кездерін де есіне алды. Жұбайы Ғазиза ҚазҰУ университетінің тарих факультетін тəмамдағандықтан, “ҚазҰУ менің қайын жұртым” дейді Нұржан мырза.  Сұхбат барысында, “өзім толық қанды білім алмағандықтан, осында білім алып жатқан студенттер мен сияқты білімсіз адамды қонаққа шақырып, сыйлап жатыр” деп қалжындады. Өзінің радио мен телевидениедегі тəжірибесімен бөлісіп, жастарға жан-жақты болуға кеңес берді. Студиямызға келіп, келелі сұхбат бергеніңіз үшін алғыс айтамыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *