«Жұлдызды сұхбат» бағдарламасының қонағы «Қазақ радиосы» әуе толқынының жүргізушісі, «Кешкі кездесу» бағдарламасының тізгіншісі Аман Тасыған. Студиямызда Аман мырза балалық шағының қызық дәуренін айтып, шығармашылық салада қызмет атқару оның балалық арманы екенін айтты. «Қандай арналар көруді ұнатасыз? Ең сүйікті бағдарламаларыңыз бар ма?» деген сұраққа, «Әдетінде, барлық арналарды бір шолып, соның ішінде өзіме пайдалы ақпараты барын көремін. Ал, жалпы әртүрлі бағыттағы телеарналырды қарауды жөн санаймын. Мысалы: музыка, спорт, ақпараттық, көңіл-ашар арналары.» Өзінің әлі тек тележүргізуші екендігін айтқан Аман мырза болашақта өз жобаларын дайындап, кәсіби тележурналист атанғысы келеді екен. Сұхбат соңында Аман мырза өзін өзгелерден ерек ететін «Тасыған өмірде аман жүріңіздер» тілегін айтып, тыңдармандарымызбен қоштасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *