1. Қазақстандағы Тұрақты Даму Мақсаттары телевизия кадрынан тыс

Жуырда журналистика факультеті ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Әл-Фараби атындағы кітапхана ғалымдар клубында Қазақстандағы БҰҰ және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық аясында Дүниежүзілік телевизия күніне орай «Қазақстандағы тұрақты Даму мақсаттары телевизия кадрынан тыс» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Ғылыми шара барысында Қазақстан тележаңалықтардағы тұрақты дамудың мақсаттары;  Тұрақты даму проблемалары телеобъективтен тыс;  Қазақстан өңірлеріндегі цирфлық  телевизия мүмкіндіктері мәселелері талқыланды.

Дүниежүзілік телевизия күні — БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша жыл сайын 21 қарашада аталып өтеді. Бас Ассамблея осы Дүниежүзілік күнді бірінші кезекте бейбітшілік, қауіпсіздік, мәдени алмасуларды дамыту, телевизиялық бағдарламалармен алмасуды ынталандыру бойынша атап өтуді ұсынды.

Шараға ҚР БҰҰ Ақпарат Бюро Башсысы Властимил Самек, ҚазҰУ және Колумбия университеттері арасындағы MDP global classroom бағдарламасы директоры Рафис Абазов, «Қазақстан» ұлттық арнасы журналистері, журналистика факультеті оқытушы-профессорлары, студенттері, магистранттары мен докторанттар қатысады.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында ұсынылған резолюцияда Қазақстандық телекорпорациялар мен арналардың қатысуымен  практикалық тележурналистика саласында академиялық білім беру ұтқырлығын арттыратын бірлескен  жобалар жасау қажеттігі айтылды.

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғимаратында Алматы қаласында кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Бұл шараны «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы» ұйымдастырды. Аталған жәрмеңке «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығымен» бірлесе отырып, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асты.

Биылғы жылдың күз айында іске қосылған Алатау аудандық жастар орталығы бірқатар түрлі бағыттағы шараларды атқарып келуде. Бұл орталық «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы» аясында жұмыс істеп тұр. Жәрмеңке әдеттегідей, жұмыс іздеушілер, студенттер, ЖОО бітірушілер және жалпы жастар қауымына арналды.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – азаматтардың жұмысқа орналасуына, бос жұмыс орындар туралы хабардар ету және еңбек нарығындағы мәліметтерді уақтылы жеткізу. 

Жәрмеңкеге қатысқан 50-ден астам жұмыс беруші компания өздерінің 600-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.   

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырушылар жұмыс берушілер мен жұмыссыз жүрген жастар арасында өзара тиімді еңбек қатынастарын орнатуға, сондай-ақ оларға қолдау білдіру мақсатында өткізіп отыр.

Жәрмеңкеге келуші азаматтар сұранысқа ие жұмыстар жайлы, кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы және тағы да өзге пайдалы ақпараттарға қол жеткізді.

  1. «Айқап» және алаштық рух

Әл-Фараби атындағы КазҰУ-дің журналистика факультетінде Мұхамеджан Сералин атындағы әдеби шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2017 жылы 6-желтоқсан күні журналист, ақын, демократ-ағартушы, қайраткер Мұхамеджан Сералиннің туғанына 145 жыл толуына орай «Айқап» және алаштық рух» атты алқасөз өтті. Көрнекті тұлғаның 145 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған алқасөзге республикалық журналдардың бас редакторлары мен белгілі көсемсөзгерлер, айтулы ақындар, алаштанушы ғалымдар қатысты. Алқасөзде Мұхамеджан Сералин өмірі мен шығармашылығы, журнал шығарудағы дәстүр мен жаңашылдық, қазіргі баспасөз бағыты және «Айқап» және Алаш тақырыптары кеңінен қамтылды.

  1. Заманауи әлемдегі әйелдердің рөлі

7 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ жәрдемдесу орталығы Қазақстандағы «БҰҰ әйелдер» бөлімше ұйымымен бірлесе отырып, «Зорлық зомбылыққы қарсы 16 күн» атты жоба шеңберінде «Гендерлік теңдік және зорлық-зомбылықты жою» атты тақырыбын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР-ның БҰҰ жанындағы Тұңғыш тұрақты өкілі, ҚР-ның экс-министрі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Арыстанбекова, БҰҰ Алматыдағы ақпараттық   кеңсесінің өкілдері Властимил Самек және Ален Куспанов , Орталық Азиядағы «БҰҰ әйелдер» құрылымының білім басқармасының маманы Гульназ Иманиязов қатысты. Талқылаудан кейін Ақмарал Арыстанбекова өзінің жеке тәжірбиесімен бөлісіп, БҰҰдағы әйелдердің рөлі туралы дәріс өткізді. Фойеде бұл уақытта «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2-курс студенттері ұйымдастырған «Әлем тағамдары» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 4-курс студенттері барлық қатысушылар мен қонақтарға алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *