1.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ белсенді және жауапты түрде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үдерісіне қосылып, нақты идеялар мен жобаларды ұсынды. ҚазҰУ ректоры академик Ғ.Мұтанов Минск қаласында жоғары оқу орындарын дамытудың университет үлгісі 4.0. жаңа платформасын ұсынды.

Үлгі жоғары оқу орындары мен Қазақстан және Беларусь Республикасының ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VI отырысында кең ауқымды түрде шетелдік ғылыми қауымдастыққа ұсынылды.

Ректордың айтуынша, «қазіргі заманғы заманауи университеттің міндеті білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаумен ғана шектелмейді, оны қазіргі уақыттың шынайы азаматтарын қалыптасуымен толықтырып, төрт компонентті: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілікті біріктіру қажет»,-дейді.

Циолковский «Мен техникалық прогресті мойындамаймын, егер ол адамгершілік өрлеуден басым болмаса», — деп атап өткен. ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың ұсынған университет моделі 4.0 төртінші өнеркәсіптік төңкеріс қарсаңында университеттердің қызметіндегі жаңа инновациялық үрдісті көрсетеді.

Бұл жобаны іске асыру ҚазҰУ-ды әлемдік рейтингте динамикалық ілгерілетуге және адам капиталын дамытудың жоғары деңгейіне көшуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа мақсаттар мен міндеттер төртінші буын өкілдеріне арналған университеттік үлгіде одан әрі дамып және нақты мазмұнға ие болады. Рухани-адамгершілік тұғырнаманы дамыту үшін Университет Ақылды университеттің 4.0 үлгісі аясында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Жасыл көпір» бастамасын іске асыруға бағытталған «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» жобасын жүзеге асыруда. Осы жобаны БҰҰ-ның «РИО+20» конференциясына енгізуде ҚазҰУ әлемдік жетекші университеттермен бірлесіп тұрақты даму бойынша идеология, ақпараттық және білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын тарату бойынша практикалық ұсыныстарды жүзеге асыру тетіктерін әзірлеуде.

2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде өткен мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының XIV форумында «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» халықаралық ғылыми-білім беру консорциумын құру туралы декларацияға қол қойылды.

ҚазҰУ БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесе отырып, «Мейірімді қоғамның азаматтарын қалыптастыру» халықаралық жобасын қолдайды. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы». Оның мақсаты — жас ұрпаққа бейбітшілік, ізгілік пен әділеттілік идеяларын жеткізу, сондай-ақ онда Әл-Фарабидің адамгершілік қоғам туралы идеясы да енгізілген. Жоғары оқу орындарының түлектері кәсіби құзыреттілікпен қатар, әл-Фараби айтқандай, «дүние жүзіне адал» болатын жоғары гуманистік құндылықтардың тасымалдаушылары мен аудармашылары болуы керек.

ХХІ ғасырдағы жоғары білім берудің жаңа платформасы — 4,0 университеттің моделі кездесуге қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, жетекші ғалымдар мен мамандар тарапынан қолдау тапты.

2.ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың бесінші патриоттық гала-форумы өз мәресіне жетті.

ҚазҰУ мен «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы, Алматы қаласы әкімдігі және «Жандану әлемі» қорының қолдауымен ұйымдастырылған шара студент жастардың Қазақстан болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және патриоттық сезімін арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қазақстан – 2050 стратегиясында «Мен Сіздерге – жаңа буын Қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» – деп жастардың қоғамдағы орнын айқындап берген болатын. Сол тұстан бергі уақытта университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Президенттің жастарға деген сенімімен қуат алар «Мен жастарға сенемін!» студенттік форум өткізу идеясын көтеріп, ол бүгін де дәстүрге айналған.

Іріктеуге қатысқан 1,7-ға жуық жұмыстың ішінен гала-форумға 400 автор жолдама алды. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанған студент жастар бүгінгі күні елінің дамуы үшін шығармашылық ізденістерін дамытып, өз үлестерін қосып отыр. Сонымен «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауының жеңімпазы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Мүсірепова Зердегүл ҚазҰУ-да 1 жыл тегін оқу білім грантына ие болды. Дәл осы грантқа ие болған «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Нұқы Жамбыл озық шықты. Ал «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауында М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Жұлдыз Молдағалиева жеңіске жетсе, «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Сидиков Хасан жеңіске жетіп, «Үздік ҚазҰУ студенті» номинациясын Женибек Елжас иеленді.

Гала-концертте Қазақстанға белгілі өнер жұлдыздары мен ҚазҰУ жастары белсенді ат салысып, жалынды жастар шараны ән мен күйге бөлеп қалың қауымды одан әрі шабыттандыра түсті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *