1. 8 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті.

Құрылтай жұмысына Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байзақұлы Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мүшелері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр облысынан келген құрылтай делегаттары қатысты.

Құрылтай жұмысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2013-2017 жылдар аралығында атқарған іс-шараларының есебі тыңдалды.

Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың  кандидатурасын ұсынды. Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бір ауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады.

Серікбай Сатыпалдыұлы құрылтай делегаты алдында діни салада аянбай қызмет етуге сенім білдірді.

  1. Желтоқсанның айының 6 – жұлдызында Химия және химиялық технологиялар факультетінің студенттер деканы ауысты.

Факультеттің экс- студенттер деканы Абдугалиев Самархан Серикұлы өзінің ресми жиналысында жаңа студенттік декан сайлауын өткізді. Барлық студенттер белсенділік танытып, өз дауыстарын таңдалған екі үміткерге берді. Басым дауысқа ие болған Аукенов Ерасыл Төлеутайұлы жаңа Студенттер деканы қызметіне сайланды. Сайлау барысында Ерасыл Төлеутайұлы өзінің бойына артылған жұмысты жауапкершілікпен орындауға, факультет үшін барын салуға уәде берді.

      3.ҚазҰУ басшылығы Алтай мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесті.

     Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институтының директоры Степан Межов бастаған делегация құрамы ҚазҰУ тарихымен танысып, кампусты аралады.

     Кездесу барысында сөз алған ҚазҰУ-дың ғылыми инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов: «Ресей біздің солтүстіктегі көршіміз ғана емес, Қазақстанның стратегиялық әріптесі және бізде Ресейдің ЖОО тығыз байланыс орнатылған. Қазіргі уақытта, ҚазҰУ мен Ресей жоғары оқу орындарының арасындағы 170-ке жуық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. ҚазҰУ ТМД желілік университеті аясында Ресей халықтар достығы университеттері: Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті және Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университеттерімен бірлесе қосдипломдық білім берудің магистрлік бағдарламасын жүзеге асыруда»,-деді проректор.

 

Кездесу аясында Алтай мемлекеттік университетінің өкілдері өз университеттері жайлы қысқаша ақпарат беріп, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен қызығушылық танытты. РФ АМУ қызметінің стратегиялық бағыты «озық даму», «Азия аймағындағы ірі халықаралық ғылыми-білім беру және мәдени орталығына» бағытталған. 1973 жылы құрылған университетте үш ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, технопарк, ғылыми-зерттеу секторы бар және 84 мамандық бойынша білім беретін ірі ғылыми кешенге ие. ҚазҰУ мен Алтай мемлекеттік университеттері арасында ынтымақтастық туралы келісімге 2016 қол қойылған.

    Кездесу барысында тараптар ғылым, білім саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыға салып, өзара пікір алмасты.

    4.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ХҚФ БҰҰ жәрдемдесу орталығы Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» көп елдік бөлімше ұйымымен бірлесе отырып «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жоба шеңберінде «Гендерлік теңдік және зорлық-зомбылықты жою: қазіргі әлемнің әйелдер құқықтары мен бостандықтарын кеңейту» тақырыбын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

    Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұнғыш Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының экс-министрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Арыстанбекова, Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы ақпараттық кеңсесінің өкілдері Властимил Самек және Ален Куспанов, Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының көп мемлекеттік бөліміндегі білім басқармасының маманы Гульназ Иманиязова қатысты.

   4 курс студенттері «Заманауи әлемдегі әйелдердің рөлі» тақырыбында презентация дайындады. Презентация барысында олар Қазақстанға назар аударып, әлемнің түрлі өңірлеріндегі әйелдер жағдайын қарастырды. Студенттер социологиялық сауалнама жүргізіп, оның нәтижелері іс-шара шеңберінде ұсынылды. Әлемдегі танымал әйелдер мен олардың жетістіктері туралы дөңгелек үстелге қатысушылармен интерактивті ойын өткізілді.

    Дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтар Орталық Азиядағы гендерлік теңсіздіктің өткір мәселелерін қарастырып, талқылауға белсене қатысты.

 

    Талқылаудан кейін Ақмарал Арыстанбекова өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, БҰҰ-дағы әйелдердің рөлі туралы дәріс өткізді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *