әл-Фараби радиосында қонақта жас актер , каскадер Хамидуллаев Ерік. Қазіргі таңда Қазақстанда Отандық өнімдер қарқынды даму үстінде. Соның бірі – кино саласы.Ал кино түсіру барысында каскадер шеберлері ауадай қажет болатыны да жасырын емес .Сондай-ақ жұмыс барысында қауіпті мезеттерді бастан өткеретін тағы бар.Иә , оңай сала емес .Алайда, осының қызығы мен қиындығын қатар алып жүрген дарынды жастардың бірі Ерік қазіргі кезде көптеген киноларда бой көрсетіп жүр.Жолдасбек Әбдіxановтың бейнеклипіне түсіп , террорлық әрекетке қарсы бейнероликте бақ сынады .Сонымен қатар , Ерік “жігітке жеті өнер де аз” деген сөзді басшылыққа ала отырып қара өлең оқудан және гитарада ән айтудан ба кенде емес екен.Иә, осындай дарын иесіне алдағы уақытта тек шығармашылық табыс тілейміз

Сұхбаттасқан əрі мақаланы жазған: Əбдіжəлел Гүлсезім

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *