1)Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жаңа жаһандық жағдай туралы айта отырып, «қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді» деп атап өтті. Бұл маңызды жұмыста академиялық қоғамдастық пен университеттерге ерекше жүк артылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үдерісіне нақты идеялар мен жобалар ұсыну арқылы белсенді және жауапты түрде қосылды. ҚазҰУ ректоры академик Ғ.Мұтанов Минск қаласында (Белоруссия) жоғары оқу Үлгі Беларуссия мен Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VI отырысында ауқымды шетелдік ғылыми жұртшылыққа ұсынылды.

Ректордың пікірінше, қазіргі таңда заманауи университеттің міндеті білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаумен ғана шектелмейді, ол өз уақытының шынайы азаматтарын қалыптастырумен толығып, төрт компонентті: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілікті біріктіруі қажет.

Жаһандану және ғылыми-техникалық өрлеу заманауи әлем келбетін тез өзгертіп, ғылым мен техника өркениеттің қозғаушы күшіне айналды. Сондықтан да заманауи технологияларды жоғары руханият пен адамгершілікке негізделген ақыл басқаруы тиіс. Циолковский «мен техникалық прогресті мойындамаймын, егер ол адамгершілік прогрестен басым тұрса» деген екен. ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов ұсынған 4.0 университет үлгісі төртінші өнеркәсіптік төңкеріс қарсаңында университеттер қызметіндегі жаңа инновациялық тренд болып табылады.

Шығыстың ұлы ойшылы, есімін ҚазҰУ иеленген Әбу Насыр әл-Фараби жазғандай, «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Осы ақиқатты тану университет дамуының жаңа үлгісін жасауға әкелді. ҚазҰУ жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде жүйелі жұмыс жүргізуде. «Al-Farabi university smart city» жобасы инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік платформалардың үндестігі негізге алынған жаңа міндетпен табысты жүзеге асырылуда. Бұл қызметте жаңа жаһандық шындық пен өркениеттің дамуы жағдайында ұлттық сананы өзгерту бойынша Елбасы айтқан мемлекеттік бағдарлама нақты бағдар болып табылады.   

Аталған жобаның жүзеге асуы ҚазҰУ-дың әлемдік рейтингте қарқынды ілгерілеуіне және адам капиталының аса жоғары даму деңгейіне көшуге мүмкіндік береді. Ал жаңа мақсаттар мен міндеттер төртінші буын өкілдеріне арналған орындарының жаңа даму тұғырнамасы – 4.0 университет үлгісін ұсынды.  

университеттік үлгіде жалғасын тауып, нақты мазмұнға ие болады.  

ХХІ ғасырдағы жоғары білім берудің жаңа платформасы – 4.0 университет үлгісі отырысқа қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, жетекші ғалымдар мен мамандар тарапынан қолдау тапты

2) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты дәстүрлі 5 республикалық патриоттық фестивалінің  гала-форумы өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен студент жастардың форумын ҚазҰУ-мен бірге ұйымдастырушылар – «Жас Отан» жастар қанаты, «Жандану әлемі» қоры, « Жазушылар одағы» мен Қазақ радиосы.

Фестиваль студенттердің ел болашағына деген  патриоттық сезімі мен азаматтық жауапкершілігін, әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған. Айта кетерлігі, ауқымды шара жыл өткен сайын студенттік ортада кеңінен танылып, үлкен қызығушылық тудыруда. Соның айғағы ретінде байқауға республикамыздың 69 жоғарғы оқу орнының студенттерінен 2000-ға жуық  жұмыстар келіп түсті. Олардың ішінен 58 университеттен ең үздік 400-ге жуық автор гала-форумға шақырту алды.

 Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту үдерісінің маңызды бөлігі ретінде жастар арасында Мәңгілік ел идеясы негізінде отансүйгіштік, өз жеріне, өз ауылына, қаласына, аймағына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға басымдық берілді. Осы орайда қатарынан бесінші жыл өтіп келе жатқан республикалық «Мен жастарға сенемін» фестивалі жастардың бойындағы рухани байлықты одан сайын арттырып, болашаққа деген  ұмтылысы мен ерік-жігерін молайтқаны ақиқат.

Жеңімпаздар төрт байқау бойынша анықталды: «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты инновациялық жобалар байқауы, «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын» атты эссе байқауы, «Мен жастарға сенемін!» поэзиялық шығармалар байқауы және «Мәңгілік ел мұратым!»  патриоттық әндер байқауы.

. Сыннан сүрінбей өткен жүйріктер бағалы сыйлықтармен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың біржылдық тегін оқу грантына ие болды. 

Сонымен, инновациялық жоба байқауы бойынша 3-орын Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хан атындағы агротехникалық университеттің студенті Әсем Иманғалиеваға берілсе, 2-орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Дүкенбай Дәулет, 1-орынды Орал қаласынан Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Зердегүл Мүсірова иеленді.

Студенттік эссе байқауы бойынша 3-орынға Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Ғәлия Абылай, 2-орынға Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университетінің студенті  Жазира Құрманәлі лайықты деп танылса, 1-орынды Орал қаласы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Нұқы Жамбыл иеленді.

Ал «Мен жастарға сенемін!» атты студенттік  поэзия байқауы бойынша  М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Жанерке Ғинаят  пен  С. Сейфуллин атындағы  Қазақ агротехникалық университетінің студенті Алмат Игілікұлы 3-орын иегерлері атанды, 2-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Еркеназ Қалижанға, 1-орын М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  студенті Жұлдыз Молдағалиеваға бұйырды.

«Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы бойынша 3-орыннан Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенті Әсем Атымтайқызы көрінді, 2-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Ерназар Жұбанға бұйырса, 1-орынды Шымкент қаласы, М. Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  университетінің студенті Хасан Сыдықов пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Елжас Жәнібек жеңіп алды.

Өз Отанына деген сүйіспеншілігін ғылыми ізденіспен, сапалы біліммен ұштастырған жеңімпаздардың қуанышында шек болған жоқ. Сондай талапты жастың бірі – 1-орын иегері, Орал қаласы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Зердегүл Мүсірова инновациялық жоба байқауы бойынша  мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қолдың көмегінсіз тамақ ішуге мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапқан.

Студенттік эссе байқауы бойынша «Азаматтық рух» аталымымен марапатталған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенті Жазира Бердібай

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *