Елу жыл ел ағасы болған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев тәрізді ірі тұлға жөнінде айтылар сөз де, естелік те әрқашан жетіп-артылады. Ұлы тұлға болмысының қалтарыс-бұлтарысын тереңдей зерттеп, әрдайым жаңа дүниелер жазуға да мүмкіндік мол. Алайда біз бұл арада табан астынан бірдеңе ойлап тауып, тың жаңалық ашуды, сондай-ақ әлденені дәлелдеп немесе керісінше, жоққа шығаруды мақсат тұтпаймыз. Себебі, бұл өмірде талас тудырмайтын жайттар бар. Елу жыл ел тағдырына араласып, жауапты қызметті абыроймен атқарған Дінмұхаммед Ахметұлы өте парасатты, көреген саясаткер ретінде танылды. Көп нәрсені орталықтың кесіп-пішіп отырғанына қарамастан, ұлт мүддесіне қатысты мәселеде ешкімге есесін жібермеуге күш салды. Тың жерлерді игері, Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ уадандарын қайтару, Шардара өңіріне атам электр станциясын салғызбау, ерейментау топырағынан неміс автономиясын ашуға жол бермеу тәрізді маңызды зор мәселелерде білікті саясат ұстанып, асқан табандылық танытты. Сондықтан осы бағдарламамызды дәл Димаш атамызға арнағанымыз шалыс емес. Елі барда Димаш атамыздың қасиетті есімі мәңгі жасайтыны анық. Бағдарлама жүргізушісі: Нұрмұханова Гүлшат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *