Тариx атты тұнбаға көз жүгіртсек сан сұрақтар мен сауалдарға кезігетініміз тайға таңба басқандай анық. Осы орайда “Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» деген сөзді басшылыққа алған жөн деп санаймыз .Бүгінгі бағдарламада қараша айындағы xалықаралық мерекелер мен атаулы күндердің тариxы сөз болды .

Халықаралық таулар күні. 2004 жылдан бері БҰҰ шешімі бойынша «Бейбітшілік – таулардың тұрақты дамуына кілт» атты ұранмен өткізіледі. Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар 10 пайызға жуық тұрғындардың үйі. Бұл – өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.

Демікпенің дүниежүзілік күні. Қолқа демікпесі ауруына назар аударту мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты – денсаулық саласындағы күрделі проблемалардың бірі болып саналатын демікпе дертінің себеп-салдарларымен халықты жан-жақты таныстыру. Оны жеңу жолында ғылым саласында жасалған жаңалықтар туралы хабарлау. Бүгінде әлемде 300 миллион адам демікпемен ауырады. Ол көбіне нашар экологияның салдарынан пайда болады.

Халықаралық танго күні. «Танго королі» Карлос Гарделдің туған күніне байланысты желтоқсанның 11-і күні аталып өтеді. «Танго» сөзі биден бұрын пайда болған. Бұл сөзді басында Канар аралдарында қолданған, оның мағынасы – «негрлердің билеп және барабанда ойнау үшін жиналысы». Дүниежүзілік балаларға арналған хабар тарату күні 1994 жылғы сәуірде Каннда БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері МИП-ТВ халықаралық телебағдарламалар нарығында жариялады.

 

Осы және өзге де қызықты ақпараттар әл-Фараби радиосында. “Білгенге маржан” бағдарламасының тізгінінде -Нүкен Диляра

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *