Қайырлы таң, құрметті тыңдармандар! Бүгінгі «Топжарған» бағдарламасының қонағы — жас журналист, саясаттану факультетінің магистранті Мәди Аxметов.
Мәди мырза тыңдармандарымызға активистік өмірі, Алматы қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы қызметі, «Универсиада» уақытында алған тәжірибесі туралы айтып берді. 
Қонағымыз қазіргі заман жастарының сапалы білім алу маңыздылығын атап өтті. Ол Стамбул және Будапешт қалаларында болғандағы әсерлерімен де біздің тыңдармандарымызбенен бөлісті.
«Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс» деп елбасымыз айтқандай, Мәди Аxметов — жас қазақ патриотінің нағыз бейнесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *