Биология және биотехнология факультетінің 2 курс PhD-докторанты Нұркенов Төленді «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А деңгейіндегі гранттық бағдарламалар» гранттық бағдарламасының жеңімпазы атанды.

Бағдарламаның мақсаты PhD дәрежесіне үміткерлерге, постдокторантура аспиранттарына және шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге мүмкіндігі бар басымдықты техникалық бағыттардағы танымал ғылыми орталықтардың ғалымдарына ғылыми іс-сапарлар мен зерттеулерге гранттар беру арқылы Қазақстанның ғылыми әуелетін арттыру болып табылады.

Соның негізінде PhD докторант Т.Т. Нұркенов Инженерия колледжінің биоинженерия бөлімінде және АҚШ-тағы ең көне мемлекеттік зерттеу орталығы – Чикагодағы Иллинойс университетінің медицина колледжінде (University of Illinois at Chicago) жүзеге асып жатқан «Мидың ишемиялық жарақаты кезіндегі кермек Гмелин экстрактының нейропротекторлық қасиеттерін зерттеу» жобасы аясында профессор Т.М. Шалахметова және Ph.D. Джеймс Лидың жетекшілігімен (Иллинойс штатындағы Чикаго университеті) өзінің диссертациялық жұмысын жалғастыра алады.

PhD докторанттың бұл жеңісі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жергілікті және халықаралық серіктестерімен табысты ғылыми ынтымақтастығының үлгісі болып қала береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *