АҚШ астанасы Вашингтонда Қазақстанның Тұңғыш Президенті және еліміздің тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті. Шараға Ақ үй, Мемлекеттік департамент, Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғалары, сенаторлар мен конгресмендер және американдық бизнес өкілдері қатысты. Қонақтар алдында Қазақстаның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қазыханов сөз сөйлеп, екі жақты қарым-қатынастың жемісті дамып келе жатқанын атап өтті. Мысалы, соңғы 9 айда сауда айналымының көлемі 30 пайызға артқан. АҚШ-тың Қазақстанға тікелей инвестициясы 45 процентке өскен. Соңғы жарты жылда 60-тан астам американдық компания Қазақстанға келген. Осы категория бойынша: « Еліміздің оңтүстігінде қос электр станциясы ашылды Қостанайда ТҚЖБ салымшыларына салтанатты түрде пәтер кілті табыс етілді »

www.24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *