Қазақстанда алғаш рет жоғары оқу орындары арасында робототехника бойынша өткен республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы бірінші орынға ие болды.

Студент жастарды креативті ойлауға дамытуға бағытталған “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық чемпионат АЭжБУ базасында өтті.

Әр түрлі күрделіліктегі конкурстық тапсырмалар уақыт траекториясы бойынша қозғалатын робот құрастыру, роботты кедергілермен қара сызық бойынша жылжыту, уақыт аралығы бойынша күрделілігі жоғары лабиринтті өтуге мүмкіндік беретін датчиктерге бағдарланған роботтарды ойлап табуды қамтиды.

Жалпы нәтиже бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың “Механика” командасының құрамы Берік Сағитжанов, Бекзат Аманова, Заманбек Әзі, Нұрланбек Нұруллаев және Қуаныш Мейірбек бірінші орынды иеленіп, командаға Берлин техникалық университетінде робототехника бойынша жазғы мектепте қатысуға 50% жеңілдік сертификаты берілді. Айта кету керек, Берік Сағитжанов ҚазҰУ-дың студенттік ғылыми қоғамының төрағасы.

Команданың бұл чемпионаттағы жеңісі – дарынды жастар мен жас инноваторларды қолдау бойынша университетте жүргізілетін жұмыстардың тікелей нәтижесі. ҚазҰУ-да студенттік бизнес-инкубаторлар белсенді жұмыс істейді және гранттық қаржыландырудың 10%-ы студенттерді ақылы негізде ғылыми жобаларды орындауға тартуға бөлінеді. Сонымен қатар университетте ақпараттық технологиялар, робототехника, цифрландыру бағытын дамыту үрдісі белсенді түрде қолдау тауып келеді.

www.kaznu.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *