Әлем аруы” сұлулық байқауында Қазақстан атынан шыққан Сабина Әзімбаева керемет ұлттық костюмді көрсетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таиландта 10 желтоқсанда байқауға қатысушысылар түрлі-түсті, әсерлі киімдерімен дефиле көрсетті. Онда 19 жастағы “Алматы аруы – 2017” Сабина Әзімбаева Алтын адам бейнесінде шықты. Айта кетсек, костюмнің салмағы – шамамен 30 келі. Сабина Әзімбаева Алматы қаласында 2000 жылы 14 ақпанында дүниеге келген. “Тұран” колледжын “аудармашы және гид” мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы “Алматы аруы” байқауын жеңген. Сондай-ақ, “Ұйғыр аруы” сұлулық байқауының жеңімпазы. “Әлем аруы” байқауы 26 қарашада басталды. Екі апта ішінде 95 елден келген қатысушылар фотосессияға, қайырымдылық акциялар мен басқа да іс-шараларға қатысты. Байқаудың ақтық сыны 17 желтоқсанда болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *