Мұрағаттар

Іріктеуге қатысқан 1,7-ға жуық жұмыстың ішінен гала-форумға 400 автор жолдама алды. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанған студент жастар бүгінгі күні елінің дамуы үшін шығармашылық ізденістерін дамытып, өз үлестерін қосып отыр. Сонымен «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауының жеңімпазы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Мүсірепова Зердегүл ҚазҰУ-да 1 жыл тегін оқу білім грантына ие болды. Дәл осы грантқа ие болған «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Нұқы Жамбыл озық шықты. Ал «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауында М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Жұлдыз Молдағалиева жеңіске жетсе, «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Сидиков Хасан жеңіске жетіп, «Үздік ҚазҰУ студенті» номинациясын Женибек Елжас иеленді.

Гала-концертте Қазақстанға белгілі өнер жұлдыздары мен ҚазҰУ жастары белсенді ат салысып, жалынды жастар шараны ән мен күйге бөлеп қалың қауымды одан әрі шабыттандыра түсті.

  1. Заманауи әлемдегі әйелдердің рөлі

7 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ жәрдемдесу орталығы Қазақстандағы «БҰҰ әйелдер» бөлімше ұйымымен бірлесе отырып, «Зорлық зомбылыққы қарсы 16 күн» атты жоба шеңберінде «Гендерлік теңдік және зорлық-зомбылықты жою» атты тақырыбын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР-ның БҰҰ жанындағы Тұңғыш тұрақты өкілі, ҚР-ның экс-министрі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Арыстанбекова, БҰҰ Алматыдағы ақпараттық   кеңсесінің өкілдері Властимил Самек және Ален Куспанов , Орталық Азиядағы «БҰҰ әйелдер» құрылымының білім басқармасының маманы Гульназ Иманиязов қатысты. Талқылаудан кейін Ақмарал Арыстанбекова өзінің жеке тәжірбиесімен бөлісіп, БҰҰдағы әйелдердің рөлі туралы дәріс өткізді. Фойеде бұл уақытта «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2-курс студенттері ұйымдастырған «Әлем тағамдары» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 4-курс студенттері барлық қатысушылар мен қонақтарға алғыстарын білдірді.